Проведены встречи с дольщиками строящихся объектов

26-30 желтоқсан аралығында салынып жатқан «Қорғалжын кварталы» ТК, «Зере-2» ТК, «Future Home» ТК, «Араби 2, Гранитный 2” ТК, “Триумф сити” ТК, «Территория комфорта» ТК, «Садовые кварталы» ТК, «Жағалау» 4 полигон 3» және «Мирный дом» нысандары үлескерлерімен кездесулер өткізілді. Кездесулерге инвесторлар, мердігерлік ұйымдардың басшылары, авторлық және техникалық қадағалау өкілдері шақырылды. Кездесулер регламентіне сәйкес, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС Бас директоры Рүстем Тауекелов уәкілетті ұйымның биылғы жылғы қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, уәкілетті ұйым қала әкімдігімен бірлесіп, барлық нысандарды үздіксіз қаржыландыруға қол жеткізгенін, инвесторлар мен мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдату бойынша Тәртіпке өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Сондай-ақ, биыл қайтарымды қаражат бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік туды. Баяндаманың екінші бөлігінде үлескерлерге құрылыс, қаржыландыру және объектілердің құрылысын аяқтау мерзімдері туралы ақпарат берілді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Жазғы кезеңде құрылыс процесін жеделдету мақсатында түнгі ауысымдар ұйымдастырылды, нәтижесінде құрылыс қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туды. Кездесу соңында үлескерлердің сұрақтарына жауап берілді.

 

    
Проведены встречи с дольщиками строящихся объектов

Источник фото: elorda-kurylys.astana.kz

Источник: elorda-kurylys.astana.kz

Дата публикации: 30.12.2023

Дата последнего изменение: 30.12.2023

Просмотры: 0